ҚР Мемлекеттік орталық музейінің алғашқы суреті

Бұл – алматылық әуесқой фотограф Юрий Тарасовтың жеке мұрағатында сақталып қалған бірегей фотосурет. Бұл сонау, ғимараттың құрылысы аяқталып, оның алдындағы гүл бағын дайындауға әлі кірісе қоймаған аралықта түсірілген дүние. Сондықтан суреттегі музей қаланың қақ ортасында емес, алыстағы бір табиғи кешеннің аумағында тұрғандай әсер қалдырады. Суреттің оң жағында көп қабатты үйлердің болмауы да, осы бір әсерді күшейте түседі. Ондай үйлер арада 6 жыл өткен соң, тәжірибелік мақсатпен салынған «Самал-1» және «Самал-2» аудандарының құрылысы аяқталғаннан кейін ғана бой көтерді.