Қазақстанда Абайдың 150 жылдығы қалай тойланды?

1995 жылы Қазақстанда және шетелде ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 150 жылдығы тойланды. ЮНЕСКО-ның қамқорлығымен айтулы мерекелер ғана тойланады. Бұл жас егемен мемлекетке қолдау көрсетудің нышаны болатын. Абайға Париж, Анкара, Дели, Пекин, Каир, Будапешт қалаларында құрмет көрсетілді. Ал мынау Абайдың туған жеріндегі мерекелік салтанатты шара. Фотосурет 10 тамызда Семейдің орталық алаңында түсірілген.