Әзербайжан музыкалық аспаптары

Әзербайжан – ежелден келе жатқан, тамыры ғасырлар қойнауында жатқан, фольклорлық салт-дәстүрлерге бай ел. Солардың ішінде музыкалық жоралғылардың, онымен қоса, әрине, музыкалық аспаптардың алатын орны бөлек десек, асыра айтқанымыз емес. Бүгінде олардың әрқайсысы ежелгі мәдениеттерден қалған ескерткіш болып отыр.