Алматыдағы жаңажылдық безендіру жұмыстары

Алматы – жаңажылдық безендіруге ерекше көңіл бөлетін, аса жауапкершілікпен қарап, тың идеяларды өмірге алып келіп отырады. Қазақстанның ірі қалаларының бірі. Биыл мегаполисті безендіру үшін бір стиль таңдалыпты. Мұқият назар аударсақ, негізгі көшелерді, алаңды, әкімшілік және коммерциялық ғимараттардың қасбеттерін, шаһардағы өзге де архитектуралық нысандарды сары түсті әшекейлермен әсемдегенін байқаймыз.

Ағаштарды гирлянд шамдарымен және ұлпа қарлармен, жарық бағаналарын аспашамдармен, мегаполистің күре тамырына айналған көпірлерге мерекелік неон билбордтар орнатқан. Көшелер мен жолдарды жап-жарық,  сансыз шамдармен безендірсе, жаяу жүргіншілердің жолында шырша бұтақтары мен гирляндтардан тұратын аркалар пайда бола бастады. Саябақтар мен аллеялар аумағында үлкен шырша шарлары мен сыйлық қораптары қойылған.