2500 жылдық тарихы бар көне Хиуа қаласы

Хиуа – Орта Азиядағы ең ескі қалалардың бірі. Бұл шаһар – орта ғасырдағы қуатты Хорезм мемлекетінің астанасы болған. Аңыздарда бұл жерде отқа табынушылар дінінің негізін қалаған – Заратустраның дүниеге келгендігі айтылады. Хиуа дәл Хорезм сияқты Шығыстың ең ежелгі аумағы болып саналады. Оның тарихының тамыры тереңге кетеді әрі ол жайлы аңыз әңгімелер көп.

Археологтар Хиуаның кем дегенде, 2500, тіпті 2700 жылдық тарихы бар деп есептейді. Қалада біздің заманымызға аман жеткен, мәдени маңызы зор, ерекше архитектуралық ескерткіштер жетерлік. Олардың көпшілігі – ежелгі Ичан Кала бекінісінде орналасқан. Аудармасы «Ішкі қамал» дегенді білдіреді.