Қазақстандағы корей халқы

Бағдарламаның кейіпкері – Қазақстанда тұратын оңтүстіккореялық Мингён Шин. Мингёнді қазақстандық корейлердің қиын тағдыры, тұтас бір халықтың қоныс аудару тарихы мен жаңа отанды табу қызықтырады. Мингён біздің елге көп жыл бұрын қоныс аударған жерлесінің үйіне барады. Кейіпкерімізді интернационалдық отбасылардың Қазақстанда қалай өмір сүретіні, балаларын қалай тәрбиелейтіні, олардың салт-дәстүрлерін сақтауы және олардың қарым-қатынас тілінің қандай екені қызықтырады.