Корё-сарам тарихы

«Салем, Қазақстан!» бағдарламасының бұл шығарылымы Корё-сарам тарихына арналады. Қазақстандағы корей диаспорасының өкілдері өздерін осылай атайды. Сеул тұрғыны Мингён Шин басқа отандастары тәрізді біздің елге Корея Республикасы мен Орталық Азия мемлекеттері арасындағы қатынастарды зерттеу үшін келді. Біздің бағдарламаның кейіпкерлері қазақтың жері туралы «Бұл – керемет адамдар тұратын таңғажайып ел!» деп баға береді.