ЕҚДБ Орталық Азияның негізгі жобаларына қатысуға дайын

Қазақстан өзге Орталық Азия елдері сынды COVID-19 шығынының едәуір бөлігін қысқарта алды. Еуропа қайта құру және даму банкі экономикалардың өсімді қалпына келтіру траекториясына көшуін атап өтті. Бірақ негізгі қауіп әлі де бар, пандемия толқындары қайталануы мүмкін.

ЕҚДБ-ның Орталық Азия бойынша жаңа басқарушы директоры Жужанна Харгитай Qazaq TV арнасының «Ләззат Шатаевамен маңызды әңгіме» бағдарламасына берген эксклюзивті сұхбатында Қазақстан мен жалпы өңір үшін болашақта жағдай қалай қалыптасатынын айтып берді. Жаңа шығарылымда сіз халықаралық қаржы институты қандай жобаларды инвестициялауға дайын екенін білесіз.

«Жасыл» және инклюзивті экономика неге соншалықты маңызды? Қазақстан үшін энергетикалық секторды декарбонизациялау нені білдіреді? Air Astana әуе компаниясына несие не үшін берілді? Орталық Азия елдері Ауғанстаннан келген босқындарды қабылдауға дайын ба және ЕҚДБ бұл жағдайды шешуге қандай үлес қосуда? Ләззат Шатаеваның авторлық жобасын өткізіп алмаңыз!