Қазақстан климаттың өзгеруіне қалай бейімделуде?

«Impactful»-дың бұл жолғы санында Ләззат Шатаева Тұрақтылық жөніндегі аймақтық директор Стивен Шонбергермен сұхбаттасты. Биыл дүниежүзі бойынша жер-жерде орман өрті өршіп, құрғақшылық пен шөлейттену процесі жаңа қарқынмен жалғасты. БҰҰ-ның мәліметтері бойынша, әлемдегі 70-ке тарта ел жыл сайын табиғи апаттан зардап шегеді.

Дүниежүзі елдері, сондай-ақ Қазақстан климаттың өзгеруіне қалай бейімделуде? Еліміз 2060 жылға қарай көміртегі тәуелділігінен бас тарта ала ма? Бұл үшін қандай іс-шаралар жасалу керек? Экономиканы экология мүддесіне қарай бейімдеу – маңызды жаһандық проблемалардың бірі. Бірақ егер Қазақстан энергетикалық секторды көмірқышқыл газынан арылта алмаса не болады? Дүниежүзілік банк Қазақстан сияқты жасыл экономика бағытын дамыту жолындағы елдерді қалай қолдайды? Саяси амбиция мен ғылыми фактілер, қауіп-қатерлерге қалай қарсы тұруға болады? Бұл жолдағы міндеттерімізді қалай адал атқара аламыз?

Сұрақтардың жауабын Ләззат Шатаеваның авторлық бағдарламасынан табасыздар.