Халық сайлаған президент

Желтоқсанның алғашқы күні – тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы ерекше күн. Осыдан отыз жыл бұрын тап осы күні елді соңынан жетектер басшыны сайлағаны аға буынның есінде. Құрамында біздің республикамыз болған Одақ іс жүзінде ыдырап кеткен. Тек ащы дәмі ретінде тауар жетіспеушілігі, жұмыссыздық пен ақшаның тапшылығы ғана білінетін. Посткеңестік кеңістіктегі мыңдаған кәсіпорын жұмысын тоқтатқан. Жағдай өте күрделі еді. Одақ ыдыраған тұста Нұрсұлтан Назарбаев басшылық қызметте болатын. Президент институты 1990 жылдың сәуір айында құрылған. Республика басшысын Жоғарғы Кеңес депутаттары сайлаған. Алайда 1,5 жыл өткен соң, Нұрсұлтан Назарбаев ашық сайлау өткізуге бел буды. Оған халықтың қолдауына ие болу аса маңызды еді. Қазақстандықтармен кездескен сәтте бұл жайлы жиі айтатын. Сөйтіп 1991 жылғы 1 желтоқсанда сайлау учаскелеріне 9 миллион адам немесе тізімде болған жалпы сайлаушылардың 89% келді. Сайлаушылардың 99% ел басшысының кандидатурасына қолдау білдірді. Осылайша Нұрсұлтан Назарбаев халық сайлаған президентке айналды.