Көк байрақ | Kazakh brand

Мемлекеттің тәуелсіздігінің символы ретінде танылатын рәміздердің бірі – байрақ. Қолданысқа еніп, дамып-жетілу тарихы тым арығы кететін байрақтың бүгінгі көрінісі – ту. Байрақ, ту – мәндес, ұғымдар. Ашық аспанда нұрын төккен шұғылалы күннің астында қанатын кере қалықтаған қыран бейнеленген Қазақстанның туына қатысты «көк байрақ», «көк ту» деген тіркестер қатар қолданылып жүр.