Табан-Қарағай үстірті, Аюлы сарқырамасы, Түрген шатқалы

Табан-Қарағай - ені 6 шақырым, ұзындығы 35 шақырымды алып жатқан үстірт. Ол оңтүстігіндегі Шілік және солтүстігіндегі Жіңішке өзендерінің аңғарларын бөліп жатыр. Көгіне қол созым жердегідей елестейтін бұлттар жиылған үстірттен мың түспен құлпырған гүлдерді, табын-табын сиыр мен отар-отар қой, және де болмысынан бекзаттық байқалар үйір-үйір жылқыларды тамашалай аласыз.