Қазақстанды көктен қарағанда – Барлық шығарылым

Айдыны шалқар Алакөл | Қазақстанды көктен қарағанда

Айдыны шалқар Алакөл | Қазақстанды көктен қарағанда

Алакөл – Алматы мен Шығыс-Қазақстан облыстарының шекарасында орналасқан тұзды су қоймасы. Бұл көлдің суы – ежелден бері өзінің емдік  қасиеттерімен белгілі.
Судың құрамында Менделеев кестесіндегі барлық элементтер кездеседі (йодтан басқа). Сол себепті, Алакөл ұзақ уақыт бойы өзінің пайдалы қасиеттерімен ерекшеленген. Жұмсақ суы тері ауруларын жақсы емдейді, ал құрғақ тұзды ауасы, өкпе аурулары кезінде көмектеседі. Сонымен қатар оның балшықтары да жоғары бағаланады. Ол тірек-қимыл, жүрек-тамыр және жүйке жүйелеріне жағымды әсер етеді.

Табиғаты таңғажайып Абай өңіріне саяхат | Қазақстанды көктен қарағанда

Табиғаты таңғажайып Абай өңіріне саяхат | Қазақстанды көктен қарағанда

Қазақстан – биіктігі мыңдаған метрге жететін шыңдары және мұздықтарынан, ұшы қиыры жоқ даласы мен адамды таңғалдыратын каньондарына дейін адам сенгісіз табиғи сұлулық ұсынатын ел. Қазақ елінің ұшы қиыры көрінбейтін жері көпшілік шетелдік ойлайтындай теп-тегіс далалық емес, керісінше өзгеріп отыратын түрлі әсемдіктерге толы. Осындай адамды сиқырлап алатын табиғаттың таңғажайыбы Абай облысында.

Семей - Қазақстанның тарихи орталығы | Қазақстанды көктен қарағанда

Семей - Қазақстанның тарихи орталығы | Қазақстанды көктен қарағанда

Семей – Шығыс Қазақстан аймағының ең ірі қаласы. Ертіс өзенінің бойында орналасқан әсем қала. 1718 жылы әскери бекініс тұрғызылған кезде қала негізі салынды. Алайда, Ертіс суының жырғадан асып ағылуына байланысты 1778 жылы бекініс өзеннен 18 шақырым қашықтықта орналасқан жерге көшірілді. 2008 жылы Семей қаласы өзінің 290 жылдық мерейтойын атап өтті. Қала аумағы 210 шаршы шақырымды құрайды.

Түркістан

Түркі әлемінің рухани астанасы

Қазақ даласындағы сәулет ескерткіштерімен әйгілі, киелі мекен. Түркістан облыс орталығы болып жарияланған сәтте оның тарихында жаңа кезең басталды.

Коряковка көлі

Сирек кездесетін су айдыны

Павлодарға жақын жердегі Коряковка көлі демалушылар үшін – таптырмас мекен. Олар су қоймасының таңғажайып түсіне, ерекше көрінісіне тәнті болады.

Қазақстанды көктен қарағанда

Аңыздар еліне саяхат

Қалың орманды, суы мөлдір, жұпар иісі аңқыған нулы өлке. Солтүстік Қазақстан табиғаты тамылжыған бірегей өңір. Аумағы – орманды-далалы.