Ұлы дала ақындары

Көшпелі әлемді жырға қосқан от ауызды, орақ тілді жыршы-жыраулардың ішінде қазақ, қырғыз ақындарының алар орны ерекше.

Тек осы қазақ, қырғыз жерінде ел аралап, көшпелілердің өмірі мен тұрмысын, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін жырлаған ақындар мен жыршыларды әлі күнге дейін әспеттеп, жоғары бағалайды. Жергілікті халық аты аңызға айналған батырларға қарағанда, дархан даланың дарын иелерін аса бір ілтипатпен ерекше құрмет тұтады. Ақын болудың сыры неде? Бұл жоғарыдан берілетін сый ма әлде кез келген адам үйреніп, меңгере алатын көнеден келе жатқан өнер ме?