Көшпенділердің жауынгерлік өнері

Оқ-дәрімен ататын қарумен жасақталған жүйелі әскер пайдада болғанға дейін мыңдаған жылдар бойы Ұлы далада көшпенділер жалғыз қожалық етіп келген. Қытайдың хань империясына әңгір таяқ ойнатқан ғұндар: «Біз көктен түскен рухы асқақ халықпыз, ер үстінде жүріп, халықтарға билік ету үшін жаралғанбыз» деген. «Біз бастарды идіріп, тізелерді бүктіреміз», - деген екен кейін.

Хинганнан Қара теңізге дейін созылып жатқан Мәңгілік ел державасын құрған – түркілер. Ал XIII ғасырда шөкімдей ғана монғол әскері құрлықтың бестен бір бөлігін жаулап алды. Көшпенді әскерлердің осындай жеңістерге жетуінің сыры неде?