Әйгілі Кристиан Диордың музасы болған қазақ қызы туралы ақиқат | Қияндағы қандастар

Шығыстан шыққан Dior-дың маржаны. Қытайдың Харбин қаласында туып-өскен Алла Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін анасымен бірге Францияға көшіп кеткен. Әкесі Қуанхан Елшін отбасын Еуропаға аттандыруға көмектесіп, өзі елден шыға алмай қалған. Ол ГУЛАГ-та қамауда болған дегенде болжам бар. Әлемдік сән астанасы Парижді бағындырған қазақ қызы киіп шыққан киімдерді әлемнің сұлу қыз-келіншектері  ілезде сатып алатын болған. Крисиан Диор  модель Алла Ильчунды сәттілік сыйлаған бойтұмарым деп атаған. 50 жылдары әлемде алғаш рет Алла Ильчунның бетіне жасалған макияж дүниежүзі аруларын таң-тамаша еткен. Әлемнің сұлу падишасы атанған қазақ қызы 20 жыл бойы сән саласының биіктерін бағындырған