Ұлттық спорт

Бүгінгі шығарылымда Англияның жаяу көкпары емес, түркілердің атты көкпары туралы тақырып қозғалады. Көкпар – бүгінгі таңда 6 құрлықты әрі асқан, қанатын кеңге жайған ойын түрі. Бұл ойынды экономикалық державаға айналған америкалықтар да ойнайды. Бір қызығы америкалық көкпарсүйер қауым АҚШ-тың Вайоминг штатына қарасты Джексон, Монтана штатына қарасты Бозмен қалаларында көп шоғырланған. Себебі бұл өңірлер қаршадайынан родэомен шұғылданып, ат құлағында ойнайтын ковбойлардың ең көп тұратын өлкесі.