Көкпар құралдарының тарихы

Алғашында көкпар дала ойыны болған. Яғни кең далада, ауыл арасында ойналған. Бұл 20-шы ғасырдың ортасына дейін жалғасты. Екі қазандық бекітіп, сол арада тарту оған дейін болғанымен, 1949 жылы Қазақстанда көкпардың бірнеше ережелері нақтыланды. Ол кездерде серкенің орташа салмағы шамамен 30-40 кг болатын. Ұлттық спорт федерациясы құрылғаннан кейін қазандық пен серке біраз өзгеріске ұшырады. Серкені жасанды муляжға ауыстырды, дегенмен оңтайлы материалдан жасалмаған муляж көкпаршыларға біршама ыңғайсыздық тудырды. Ал қазандыққа келсек, басында бетоннан құйды. Бірақ ол атқа да, көкпаршыға да қауіпті болды. Кейін сыртын арнайы резиналармен қаптады. Бірақ ол да оң шешім болған жоқ. Соңында қазандықты алып тастап, орнына шеңбер сызды.