Алматы облысының өндірістік әлеуеті

Бағдарламада Алматы облысын аралап, аймақ экономикасының басты даму бағытымен таныс боламыз. Алматы облысының кәсіпорындары өз өнімдерін қай елдерге экспортқа шығарады? Сондай-ақ саяхатымыз Қапшағай қаласында жалғасады. Бұл жерде тез пісетін кеспе шығарумен айналысатын кәсіпорын бар. Тез пісетін кеспенің тарихымен танысамыз. Оны соғыстан кейінгі жылдары Жапон елінің Момофуку Андо есімді азаматы ойлап тапқан. Ол жапон халқын аштықтан құтқарып қалған өнім. Бүгінде әлем бойынша тез пісетін кеспенің жүз миллиард порциясы ішіп-желінеді.