Алматының әсем табиғаты мен асқар таулары

Оңтүстікафрикалық Саманта Реддайер Қазақстанға келіп, алғаш рет қардың не екенін өз көзімен көрген. Ол Алматының әсем табиғаты мен асқар тауларына ғашық болып қалғанын айтады. Саманта Оңтүстік Африка Республикасында туып өскен. 2016 жылы шетелде сабақ беру үшін Абу-Дабиге аттанған. Осыдан кейін кейіпкеріміз күйеуі Марк, балалары Тай және Зариямен бірге Үндістанға, Египет, Иордания мен Еуропа елдеріне саяхаттап, 2019 жылы Алматыға көшіп келді. Отбасы әсем қаланың көркін еселеп тұрған таулардың баурайында өмір сүріп жатқанына дән риза. Оқытушылық тәжірибесі ширек ғасырдан асатын Саманта Алматыдағы өмірінің ерекшеліктерімен бөлісіп, таныстарын міндетті түрде Қазақстанға келіп қайтуға шақырады.

«My Day in Kazakhstan» бағдарламасының кезекті шығарылымында Саманта Реддайердің Қазақстандағы тұрмыс-тіршілігімен таныс болыңыздар.