Касун Абивардини: Ақтаулықтарға алғысым шексіз

Канададан келген қаржы сарапшысы Касун түрлі халықаралық корпорацияларда еңбек еткен. Атырауда жұмыс істеп жатқанына 5 жыл болды. Ол Қазақстандағы мұнай-газ кен орындарын игеру жобасына қатысып жатыр. Касун Жайық өзенінің жағалауындағы қонақ үйде тұрады. Айтпақшы, бұл жағалауды абаттандыру жұмыстарын кейіпкеріміз еңбек ететін компания тегін жүргізген. Қолы бос кезде Касун жүгіргенді ұнатады. Әдетте мұнымен таңертең не кешкі уақытта айналысады. Бұдан бөлек кейіпкеріміз бильярд ойнайды. Сондай-ақ велоспортпен айналысады. Халықаралық қауымдастық өкілі ретінде ол тіл оқыту курстарына қатысады. Соның арқасында қазақстандық достары және әріптестерімен бірін-бірі түсінуде қиындықтар туындамайды.