Август Гарнси: Қазақстанның тұмса табиғаты талайды тамсандырады

Август Гарнси Қазақстанға АҚШ мемлекеттік департаментінің халықаралық бағдарламасы бойынша келген. Бұл бағдарламаның мақсаты – әлемде мейлінше көп адамның ағылшын тілінде сөйлеуіне көмектесу. Кейіпкеріміз қазақтың салт-дәстүрімен танысып, мұнда өзіне қалыңдық тапқан.