Көркіне көз тоймайтын Көлсай көлдері | Сынақ

Алматы облысы, Кеген ауданындағы Көлсай көлін бір көруді армандайтындар көп. Зерттеуші ғалымдар Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 350 шақырым қашықтықтағы Көлсай орын тепкен таулы-қарағайлы аймақтың 250 жыл бұрын пайда болғанын айтады. Көлдің өзі Бірінші Көлсай, Екінші Көлсай, үшінші Көлсай деп үшке бөлінеді. Көлдер өзінше ерекше және тереңдігі де түрліше. Әрқайсысы теңіз деңгейінен 1700, 2252 және 2650 метр биіктікте орналасқан. Бұл көлдердің пайда болуын ғалымдар ХІХ ғасыр соңында 1887, 1889 жылдар аралығында орын алған жер сілкінісімен байланыстырады. Орасан зор опырылып құлаған тас пен топырақ үйіндісі шатқалдың бірнеше жерін бөгеп, табиғи бөгеттер жасаған.