Қапал батыр Жетісу жеріне не үшін келді? | Таңғажайып табиғат

Тарихы сырға, қойыны гүлге толы Жетісудың құтты мекенінің бірі – Қапал өңірі. Қапал-Арасан деген дүйім жұртқа аты әйгілі аймақта Шоқан Уәлихановтың ізі қалып, П.П.Семенов-Тянь-Шанский, Н.А.Абрамов, А.Ф.Голубев, А.Н.Гейне сияқты зиялылардың еңбектеріне арқау болған. Сонымен бірге, Қапал тарихы Қапал батыр, Тәнеке батыр, Ақын Сара сияқты ұлы тұлғалардың өмірімен сабақтас.