Қазақстанның халық әртісі Нағима Есқалиеваның шығармашылығына арналған кеш

Бүгінгі кештің басты кейіпкері күміс көмей әнші, актриса, Қазақстанның халық әртісі Нағима Есқалиева!

Нағима Есқалиева есімі аталғанда бірден XX ғасыр соңындағы шлягерлер мен XXI ғасыр басындағы танымал шоулар бірден еске түседі.

Бүгінгі бағдарламамыз Жүрген жері думан, салған әні хит, айтқан сөзі нәтижеге айналатын тамаша әртістің әндері мен шығармашлыығына арналады.