Әнші, композитор Жеңіс Сейдуллаұлы шығармашылығына арналған кеш

Ол – жер мен ғарышты байланыстыратын киелі өлкенің түлегі. Ол – қазақ даласына реги, рок-н-ролл, джаз, блюз сынды жанрларды алып келген өнерпаз. Ол – өрнекті өлең, сырлы сөз көрсе шабыты шапқылай кететін сазгер. Ол – талғамы бөлек, танымы ерек азамат. «Qazaq Golden Hits» бағдарламасының кейіпкері – әнші, композитор Жеңіс Сейдоллаұлы.