Саят Досыбаев. «Qazaq Life: Сән» Баян Мақсатқызымен

Саят Досыбаев. Kazakhstan Fashion Week көрсетілім алаңының Бас продюсері. Тұңғыш көрсетілімін  студент кезде жасаған. Сән астанасы Миланға бір мәрте барып келген соң оның өмірі күрт өзгереді. Ал бүгін ол қазақстандық сән әлемінің алыбы, елеулі тұлғасы. Жігіттерге арналған киімдер желісін ол Номад, яғни көшпенділер деп атауы тегін емес. Өйткені ол еркіндікті сүйеді. Қарапайым пішілген, ыңғайлы, түстері де табиғатқа жақын болып келетін киімдерін негізінен табиғи маталардан тігеді. Саят Досыбаевтың киімдері ешкімге тәуелді емес, төрт құбыласы түгел, аяғына нық тұрған, жан-жақты білімі бар қала тұрғынына арналған.