BIBISARA бренді. «Qazaq Life: Сән» Баян Мақсатқызымен

Киім дизайны, эскиздермен ол бала кезден таныс. Мектеп кезінен бастап сурет салғанды ұнататын қыз есейе келе мүлдем басқа мамандықты таңдайды. Бірақ кейіннен өмір өзі сол баяғы бала арманына жетелеп апарады. Шағын ғана тігін ательесі бүгінде білдей бір атақты брендке айналған. Оның ерекшелігі – ұлттық әшекей бұйымдарды жеке өзін емес, бірден киімге тігуінде. Өзіне деген сенім, сұлулыққа деген талпыныс, талғам – оған әжесі мен анасынан берілген қасиеттер. Арнайы білімінің жоқтығы әлемдің подиумдарды бағындырған киім тігуге кедергі болмапты.  

Біздің бүгінгі қонағымыз өзінің брендін әжесінің атымен атаған. Дәстүр мен ұлттық нақыштар – талантты жас дизайнер Әсем Алтынбековаға таусылмас шабыт көзі. Оның тіккен бүрме көйлектері мен әдемі киімдерін танымал өнер жұлдыздары мен заманауи мәнерде тігілген ұлттық киімдерді ұнататын қыз-келіншектердің үстінен көруге болады.