Шырайлы Шымкент. Бақыт Қанат

«Қазақ квест» бағдарламасының жүргізушісі Бақыт Қанат Шымкентте болып, қаладағы ең көне көшелердің бірімен жүріп өтеді. Шым шаһарда қандай символдар бар екенін біледі. Сондай-ақ Шәмші Қалдаяқов атындағы филармонияны тамашалайды, алматылық және шымкенттік Арбаттарды салыстырып көреді. Әлемдік рекордпен танысып, Орталық Азиядағы ең үлкен шолу дөңгелегіне отырып қайтады. Қапы қалмаңыздар!