«Қазақ Квест»: Айдын Жасыбай өз ойынын Шымкент шаһарында жалғастырады

Бүгін біз Қазақстандағы ең үлкен қалалардың бірі – Шымкентке барамыз! Жай ғана бармай, мегаполистің мәдени және тарихи нысандарымен танысамыз! Сондай-ақ 2020 жылы ТМД-ның мәдени астанасы болып неліктен таңдалғанын білеміз.

Шымкент шаһары туралы 15 ғасырдағы Темірдің әскери жорықтары жайындағы жеңіс кітабында жазылған. Бүгінгі таңда ғалымдар арасында қаланың жасына қатысты дау-дамай әлі күнге дейін толастар емес. Соған қарамастан, олар қала кем дегенде 2000 жылдан бері бар деген дәйекпен келіседі. Көптеген тарихи әскери оқиғалар Шымкент маңайында өткендіктен, ол соғыс қимылдарының қаласы болып саналады.