Анахарсис қандай өсиет қалдырған?

Гераклдың ұрпақтары скифтер қайдан келді? Көшпелілердің жаңалығы. Сақ ханзадасының маскүнемдік жайлы айтқаны және ел билеген дала варвары. Скифтер. Грекияның ұлы данышпаны – Анахарсис.

«Табаны қара жерге енді ғана тиген Анахархис дереу қалаға бет алды. Жат елде өзін бөтен әрі жабайы сезініп, ыңғайсыз жағдайдан асып-састы. Үстіндегі киімі де жергілікті жұртқа оғаш көрінді. Скиф тілін түсінетін ешбір жанды жолықтыра алмады. Саяхатқа шыққанына өкініп, Афины қаласын көрген соң кемеге отырып, кері қарай үйге, Скифия еліне кетемін деп шешті.» Лукиан.

Алайда Анахарсис үйіне, Скифияға жақын арада оралмады. Ол сәулеті келіскен ғимараттарды көріп ләззат ала алмады. Себебі біздің заманымызға дейінгі 6-шы ғасырда Афины шаһарының басты тарихи ғимараттары енді ғана бой көтере бастаған болатын. Ал Парфенон тек 1,5 ғасырдан кейін салынған.