Сарқылмас байлыққа апарар қанды жол

Аянышты сәйкестік және қауіпті жорық. Петр Біріншінің үнді жобасы және Маңғыстаудың қол жетпес алтыны. Сарқылмас байлыққа апарар қанды жол. Ұлы дала. Жолы болмаған экспедицияның жұмбағы. Астрахань. 1713 жыл. Қалаға келген Маңғышлақ саудагері жергілікті ақсүйекпен әңгіме барысында император Петр Біріншімен кездескісі келетінін мәлімдейді. Ол ешқандай патша бас тарта алмайтын маңызды ақпараты бар екенін айтады. Ақсүйек саудагердің сөзін бастан-аяқ тыңдаған соң оны Петерборға өзі ертіп апарып, патшаға жолықтыруға бекінеді. Императордың ресми қабылдауынан кейін бірталай айтулы оқиға болады. Петр Біріншінің жарлығымен экспедициялық топтар құрылады, мыңдаған адам қайтыс болады, бірнеше қала бой көтереді. Саудагер императорға не айтты?