Шетелдегі қазақ балалары Бельгияда. 7-бөлім

Осыдан тоғыз жыл бұрын «Шетелдегі қазақ балалары» бағдарламасын қалдырмай көргендер Салтанат пен Аиданы жазбай таниды.

Салтанатты бір жарым жасында бельгиялық отбасы асырап алған. Ол – Бельгиядағы Қазақстаннан асырап алынған тұңғыш қазақ қызы.
«Бүкіл өмірім Бельгияда өтті. Тағдырым басқаша болуы мүмкін еді деп мүлдем елестете алмаймын. Мені асырап алған адамдарға алғысым шексіз. Олар маған екінші өмір сыйлады», – деп ризашылығын білдірді Салтанат.

«Шетелдегі қазақ балалары» бағдарламасының кезекті шығарылымында бельгиялық отбасы асырап алған Салтанат, Аида және Киараның өмірі баяндалады.

Ақпарат үшін:

Шетелдік азаматтар тек Қазақстанда аккредитациядан өткен агенттіктер арқылы ғана бала асырап алады. Бельгия Корольдігі бойынша осындай бір агенттік тіркелген. Ол – Het Kleine Mirakel. 2006 жылдан бастап бұл агенттік 500-ге жуық қазақстандық баланы Бельгияға өткізген.