Тәуекел Мүсілім: Қорқақ көкпар ойнамайды

«Салауатты ұлт» бағдарламасының кезекті шығарылымы көкпар додасы жайлы. Сондай-ақ семсерлесуден ұлттық құраманың капитаны Эльмир Әлімжановпен сұхбат құрылады және Қазақстандағы беделді үшсайыс мектебімен таныс боласыздар. Қапы қалмаңыздар!

Семсерлесуден ұлттық құрама – Қазақстандағы жетістігі көп командалардың бірі. Ерлер үнемі үздік ондықтың ішінен табылады. Ірі жарыстардан қанжығасы бос қайтқан емес. Осы орайда команданың көшбасшысы Эльмир Әлімжановпен болған сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз.