Таеквондодан Қазақстан чемпионы және альпинист Вадим Цхе

«Салауатты ұлт» бағдарламасының кезекті шығарылымында Көкшетаудағы «Болашақ сарайы» аталатын балалар спортын дамыту орталығы таныстырылады. Сонымен қатар таеквондодан Қазақстан чемпионы және альпинист Вадим Цхемен сұхбат құрылып, кайтсерфингтің вейкбордингтен айырмашылығы неде екені талқыланады.

Вадим Цхе 1978 жылы Қазақстан астанасында дүниеге келген. Ол өзін альпиниспін деп атайды. Алайда фитнес пен функционалды дайындық жөнінде өте көп біледі. Вадим – таеквондодан Қазақстан чемпионы, грэпплингтен Италия чемпионы. Қазір Ұлттық олимпиада комитетінде жұмыс істейді. Спорттағы жетістіктерінен бөлек осы уақытқа дейін адам психологиясына қатысты бірнеше кітап жазып үлгерген.