Тәуелсіздік жылдарындағы ұлттық спорт түрлері

«Sports Nation» бағдарламасының кезекті шығарылымында тәуелсіздік жылдарындағы қазақстандық спортшылардың басты жетістігін еске түсіреміз. Джиу-джитсудан Азияның 3 дүркін чемпионы Галина Дувановамен сұхбат құрамыз. Ал бағдарлама соңында ұлттық спорт түрлерінің қыр-сырына үңілеміз. 1991 жылы Қазақстан спортшылары тәуелсіз елдің өкілдері ретінде халықаралық додаларға қатыса бастады. 3 жылдан соң командамыз алғаш рет Лиллехамерде өткен олимпиада ойындарына қатысты. Онда шаңғышы Владимир Смирнов екі күміс, бір алтын жүлде жеңіп алды. Содан бері қазақстандық спортшылар олимпиада ойындарында 72 медаль иеленді.