Алматы маржандары – Медеу, Шымбұлақ, Алтын Емел ұлттық паркі

Алматының мақтанышы – Медеу мұз айдыны. Кезінде мұнда коньки тебушілер рекорд жасап, мәнерлеп сырғанау шеберлері бас жүлделерді иеленген. Бұл жер – қазір алматылықтардың сүйікті орны.

Медеу шатқалының  тарихы ерекше. 1967 жылы Қазақстанның сол кездегі астанасы – Алматыны селден қорғау үшін жасанды жарылыстың нәтижесінде үлкен бөгет салынды.

Алматы қаласының інжу-маржаны – Шымбұлақ тау-шаңғы кешені. Оған заманауи әрі ыңғайлы аспалы жолдың көмегімен жетуге болады. Әрі басында қар жатқан биік тауларды, Тянь-Шань шыршаларының орманын тамашалау мүмкіндігі бар.

Алтын Емел ұлттық паркіндегі сапарымызды визит-орталықтан бастауды жөн көрдік. Жетісу өлкесінің жануарлар әлемі өте бай. Мұнда сүтқоректілердің 67 түрі кездеседі, 260-тан астам құс мекендейді.