Жетісудың «Сиверс алмасы»

Алматы – ежелден алмасымен әйгілі болған қала. Күтімді аса қажетсінбейтін, дәмі сәл қышқылдау жабайы алмалар тау баурайы мен шатқалдарда өседі.

XVIII ғасырда белгілі саяхатшы, ботаник ғалым Иоганн Сиверс Іле Алатауы аймағында алма жемісі толы ормандарды көреді. Содан бері жабайы алма «Сиверс алмасы» деп аталып кеткен. Ғылыми зерттеулерге сүйенсек, Сиверс алмасы – жер бетіндегі алманың атасы саналады. Алайда, Алматының алма бақтарының атын шығарған –әйгілі апорт болатын.