Қар барысын сақтау және Тұран барысының оралуы

Жер бетінен мүлде жойылып кету қаупі төніп тұрған жануарлардың бірі – қар барысы. Осыдан жүз жыл бұрын Орталық және Оңтүстік Азия тауларында мыңдаған қар барысы мекендейтін. Қазір олардың саны – 4 мыңға жуық. Бұлардың 10-нан астамы елдің таулы аумақтарында тіршілік етеді. Сондықтан сирек кездесетін жануарды сақтап қалу – бірнеше мемлекеттің ортақ мүддесі.

Қар барысы – Қазақстанның мемлекеттік символдарының бірі. Алматы қаласының гербінде де ілбістің бейнесі бар. Халықаралық Қызыл кітапқа жойылып кету қаупі төніп тұрған жануар ретінде енгізілген қар барысы – көне заманнан бері батылдық пен тектіліктің белгісі болып саналады. Бекзат жануар түркі елдерінің бәріне де ортақ. Ілбіс тіршілік ететін барлық елде оны заңсыз ұстауға қатаң тыйым салынған.