Бұл – мемлекеттік тілді меңгеруді мақсат еткен жандарға арналған жаңа жоба. Қазақ тілін үйретудің тиімді тәсілін тапқан Владислав Тен өзге ұлт өкілдеріне өз әдістемесін ұсынады. Күнделікті өмірде жиі қолданатын сөздер мен сөз тіркестерін үйретіп, грамматикалық талдау жасайды, түсіндіреді. Осылайша ол телеэкран арқылы тіл үйретіп, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейте түспек.
ТЕНмен тіл үйрен – Барлық шығарылым

Көмектес септіктегі зат есімдер кіммен? кімдермен? немен? нелермен? деген сұрақтарға жауап береді. Көмектес септік жалғаулары: -мен, -бен, -пен.
Етістіктің қалау райы іс иесінің қимылды, іс-әрекетті қалауын, соған ынтасын, ниетін білдіреді де, белгілі жолдармен жасалады.
Етістіктің қалау райы іс иесінің қимылды, іс-әрекетті қалауын, соған ынтасын, ниетін білдіреді де, белгілі жолдармен жасалады.
Жатыс септік кімде? неде? кімдерде? нелерде? қайда? деген сұрақтарға жауап береді. Жатыс септігі атау септікке - да, - де, - та, - те жалғаулары жалғану арқылы жасалады. Бұл жалғауларды жатыс септік жалғаулары деп атайды.
Септік жалғаулары — зат есімдердің мағыналарын түрлендіріп, оларды басқа сөздермен байланыстыратын қосымшалар.
Етістіктің шақ категориясы —іс-әрекет, жай-күйдің болу мезгілі мен сөйлеп тұрған уақыт арасындағы қарым-қатынасты білдіретін грамматикалық категория. Етістіктің шақ категориясы қимыл, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтпен байланысты болып өткендігін немесе болып жатқанын, не әлі болмағанын, бірақ болатынын білдіріп, әр түрлі жолдармен жасалады. Қимыл мен әрекеттің жүзеге асу кезеңін білдіру етістік шағы деп аталады. Етістік шақтары етістік түбірге -ды, -ді, -ты, -ті, -мақ, -мек, -пақ, -пек, -бақ, -бек жұрнақтары қосылу арқылы жасалады. Шақтық мағына дара етістікпен де, күрделі етістікпен де беріледі.