Алматыдағы жазғы демалыс

Егер сіз белсенді демалысты жақсы көрсеңіз, қаныңызда адреналин ойнағанын қаласаңыз, бойыңыздағы қорқынышты жеңем десеңіз, міндетті түрде Алматыға келуіңіз керек. Бұл қалада спорттың экстремалдық түрлерімен айналысуға барлық жағдай жасалған.

Бүгінгі шығарылымда даунхилге құмар жандарды Алматы қаласында қандай қызықтар күтіп тұрғанын көрсетеміз. Қорқыныш дегенді білмейтін, сұрапыл күштерді бағындырып үйренген жанмен таныстырамыз. Сондай-ақ су спортының  вейк-борд және сап-сёрфинг деп аталатын жаңа түрлері меңгеру әдісі айтылатын болады.