Алакөл. Емдік қасиеті бар көл

Бүгінгі шығарылымда Шығыс Қазақстан облысының інжу-маржаны болып саналатын, өзінің шипалы қасиетімен аты шыққан Алакөлге ат басын тірейміз. Бұл дүниежүзі бойынша, жағажайы қара түске боялған жалғыз көл. Ал оның қара болу себебі неде? Өйткені жағажайы құмнан емес, құрылымы жағынан графитиге ұқсайтын, тау жынысы – шунгиттен тұрады. Шунгиттің құрамына 30-ға жуық химиялық элемент кіреді, жұрт оның шипалық қасиеті бар деп санайды.

Сондай-ақ бағдарламамызда бұдан 3 мың жыл бұрын жартасқа салынған суреттерді көру үшін ежелгі тайпалардан қалған сүрлеумен серуен құратын боламыз. Оған қоса, ежелгі сақтардың өз көсемдерін жерлеген орны – Патшалар жазығына барамыз.