Шығыс Қазақстан облысы. Рахман қайнары

Шығыс Қазақстан облысындағы ең көрікті жерлердің бірі – Қатонқарағай Ұлттық табиғи паркі. Бұл жердің табиғаты толықтай дерлік, тұмса күйінде сақталып қалған. Сол себепті мұнда жаяу туризм ерекше сұранысқа ие болып отыр. Бұл жердің көркіне көз тоймайтын сұлулығын тамашалау үшін, халық әлемнің әр түкпірінен келіп жатады. Жер-жерден келетін сол саяхатшыларды қызықтырып, осында тартып тұратын орындардың бірі – жұмбағы мол, өзі айбарлы Мұзтау.

Бүгінгі шығарылымда ежелгі заманда жаралған, Алтай тауын мекендеген халықтардың бәрі киелі орынға балап, ерекше табынған Мұзтау туралы айтылмақ. Сондай-ақ, XVIII ғасырдың ортасында құрамында радоны бар, шипалы бұлақтар табылған жерге барамыз. Оған қоса, Қазақстандағы ең биік жерде тұрған, еліміз бойынша, азан алғашқы болып шақырылатын мешітті көресіздер.