ҰЛЫТАУ | «Алаша хан кесенесінде» жерленген адам Шыңғыс хан болуы мүмкін бе?

Ғылыми экспедиция Ұлытауда. Бұл өңірдің ерте замандарда тағзым ету орталығы болғаны қалай анықталды? Теректі әулие кешеніндегі таңбалы тастардың Мұхаммед Пайғамбардың күйеу баласы – Әзірет Әлімен қандай байланысы бар? «Алаша хан кесенесінде» жерленген адам Шыңғыс хан болуы мүмкін бе?

Бұған дейін, «Бабалар ізімен» ғылыми экспедициясының Торғай өңіріне сапарынан сөз сапталған еді. Сол аймақты басып ағатын Ұлы Жыланшық өзені Ұлытаудан бастау алады. Ал «ұлы» дейтін ұғымның бекер берілмейтіні белгілі. Демек, өзені де, тауы да осыншалықты қадірленетін бұл өлкенің қандай да бір қасиеті болып тұр ғой. Біз таныған тарих бойынша: «Хандарды ұлықтау төрі – Ұлытау. Үш жүздің бас қосқан бақ ордасы – Ұлытау». Таным-түсінігі табиғи құбылыстардан тамыр тартатын бабаларымыздың кездейсоқ таңдау жасамағаны – тағы анық.