«Ұйғыр» қағанатының бүгінгі ұйғыр халқымен байланысы бар ма?

Моңғолияның Сайқын ауданында көктүріктердің көк семсерлерінің бірі Елетміш Білге қағанның құрметіне қойылған ескерткіш бар. 745 жылы II Түрік қағанаты құлап, оның орнына «Ұйғыр» қағанаты аталған жаңа мемлекет келеді. Ел тізгінін Күл Білге қаған ұстайды. Елетміш Білге қаған – соның ұлы және ізбасары.

Елетміш Білге қаған тарихта белсенді түрде жорықтар ұйымдастырып, төңірегіндегі ру тайпаларды жаулап алу арқылы бірлестікті нығайтады.  Бағдарлама барысында Елетміш Білге қағанның ескерткішінде жазылған жазбалардың қыр-сыры, сондай ақ Көктүріктердің технологиялық жетістіктері туралы білетін боласыздар.