Әкесі – оғыз, анасы – қыпшақ болған Қорқыт Ата

Қызылорда облысына жол түскен адамның көбі қобыздың үні сарнаған Қорқыт Ата мемориалды кешеніне арнайы барып аялдайды. Себебі Қорқыт – құдірет деңгейіне дейін көтерілген абыз адам. Оның туған жылына қатысты алуан дерек айтылады. Бірінде VII-VIII ғасырлар десе, ал екіншісінде IX-XI ғасырлар аралығында ғұмыр кешкен дейді. Кіндік қаны тамған жер – Сырдың бойы. Әкесі – оғыз, анасы – қыпшақ. Екі жұртына бірдей еңбек етіп, ақыл-парасатымен абыздық қылған, көрегенділік қабілетімен көш бастаған. Ұлысқа ұлы кеңесші болған. Сондықтан Қорқыт Ата – кешегі көк түркінің де, бүгінгі көп түркінің де ардақ атасы, бас иетін бабасы.

Қорқыт Ата кесенесі Қазақстаннан басқа тағы қай елде бар? Қорқыт Атаның қабірі қайда жатыр? Қорқыт Ата туралы ел ішінде айтылып жүрген қандай аңыздар мен дәлелдер бар? Күйшілік өнерінің сыры неде? Бұл сұрақтардың жауабын «Бабалар ізімен» экспедициясының мүшелері Сыр еліне арнайы барып, жауап алады.