«Пуэбло» үндістері мен түркі халықтарының ұқсастығы неде?

«Пуэбло» үндістері түркі халықтары сынды қандай жануарды қасиетті санайды? Олардың дәстүрлі биі қазақтың «Қара жорғасымен» қай жағынан ұқсас? Нью-Мексико штатының Альбукерке қаласындағы петроглифтер – Қазақстандағы ескерткіштермен қаншалықты үндеседі?

Америкалық үндістердің түркі халықтарымен түбі бір. Оны археология, палеонтология, этнография, краниология, генетика және лингвистика сынды салаларда зерттеу жүргізген ғалымдар дәлелдеді. Көпшілік мамандар ортақ генетикалық маркер ретінде «моңғол дағын» алға тартып отыр. Дүниеге келген сәбидің сауырында болатын, көк түркілерге тән көк белгі – үндіс тайпаларында да кездеседі екен. Мұның «кездейсоқтық емес» екеніне «Бабалар ізімен» ғылыми экспедициясы да көз жеткізіп келеді.