Гватемала және Гондурас елдерінде қыпшақтардың қандай белгісі бар?

Ғылыми экспедиция Гватемала және Гондурас елдерінде. Тикаль қаласындағы бітіктастардың «Орхон-Енисей» ескерткіштерімен қандай ұқсастығы бар? Майя билеушілерінің түркілер сынды «асатаяқ» ұстағанын айғақтайтын жәдігерлер қай шаһардан табылды? «Копан» археологиялық кешені мен Қыпшақтың ішіндегі «Қай» тайпасын не байланыстырады?

Гватемала. 18 миллиондай халқы бар, бұл республиканың мемлекеттік тілі – испан тілі. Бірақ ол – тұрғындардың 40 проценттен астамын құрайтын метистердің ғана ана тілі. Тағы осынша бөлігі – үндістер. Ал олар ежелгі Майя өркениетінің тілі болған – Майя тілі мен оның диалектілерін «ана тіл» деп ардақтайды. Тиісінше, көне дәстүрлерін де көштен қалдырмауға тырысуда...