Қазақтың ұлттық ойыны «Бестасты» білесіз бе?

Бір ұлтты басқа ұлттан өзгешелеп тұрған оның салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы сондай-ақ ұлттық ойындары. Қатысушыларды бұл жолы спорттық ойындар да, физикалық жаттығулар да күтіп тұрған жоқ. Бұл шығарылымда екі топ тоғызқұмалақ, бестас, қол күрес, арқан тартыс сынды ұлттық ойындармен сайысқа түседі. Бестас ойынын тек қыздар ойнайды. Ал жігіттер қауымы қол күреседі. Тоғызқұмалақ ойынын жұппен ойнаса, соңғы кезеңде екі топ арқан тартыстан күш сынасады. Ендеше бұл сайыстың жеңімпазын бірге анықтайық!