Кім мерген? Екі команда садақ атып жарысты...

Қыз-жігіттердің бүгін «Байланыс аясынан тыс жердегі» 3-ші күні. Күтініп өскен қала балаларының өмір ағымы қалай өрбіп жатыр? Оларды бүгін қандай тапсырмалар күтіп тұр? Кең дала мен киіз үйден шаршаған жоқ па? Әлде шамдары шағылысқан, көлігі ағылысқан, адамы сабылысқан қаласын сағынды ма екен?

Сонымен, бүгін қатысушылар қазақ халқының әрі жауынгерлік тәсілі, әрі ұлттық спорты саналатын САДАҚ АТУДАН жарысатын болады.

Садақ атудың елімізде екі түрі бар. Бірі – жамбы ату, ол аттың үстінде шауып келе жатып, нысананы көздеп ататын түрі. Екіншісі – дәстүрлі, яғни этникалық садақ ату. Қатысушылар сол дәстүрлі түрімен сайысады.